"Баламның сөйлеп, менімен серуендегенін қалаймын": Бойы өспей қалған оралдық бүлдіршіннің анасы елден көмек сұрады
Оралдық Қайрат Нұрберген жақында жеті жасқа толады, алайда сырт көзге 2 жасар балаға ұқсайды. Бала генетикалық дертпен ауырады. Оның салдарынан сүйектердің өсу процесі бұзылған. Қатарластарымен бірге мектепке бару үшін қазір баланың сөйлеу қабілетін дамыту маңызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Қайрат Нұрберген туғанынан ішкі гидроцефалия, психомоторлық дамудың іркілісі, сөйлеу қабілетінің дамымауы, ахондраплазия сынды ауыр дерттермен ауырады. 2019 жылы бала оңалту курсынан сәтті өткен.
Өткен жылдың наурыз айында балаға аяқ-қолын ұзарту бойынша операция қажет болған. Енді баланыңанасы Нұрсұлу Бекқарнаева ұлының түсіну және сөйлеу қабілеті пайда болғанын қалайды.
"Генетикалық дертке көндіктік. Бойы аласа болады. Біздің мақсатымыз оны әлеуметтік ортаға бейімдеу. Мектепке барып, қатарластарымен қарым-қатынас түзуі үшін, толыққанды өмір сүруі үшін Орынборда сөйлеуді дамыту курсынан өтуіміз керек.
Бұл алтыншы емдеу курсы болмақ. Ем алғаннан кейін балам аздап түсінеді бастады. Өзіміз 700 мың теңгені жинай алмаймыз. Мейірімді қазақстандықтардан көмек сұрағым келеді. Баламның жүгіріп, секіріп, футбол ойнағанын қалаймын. Тым болмағанда анасымен қол ұстасып серуендегенін көргім келеді", - дейді әйел.
Айтуынша, қазіргі уақытта жеті жасқа жақындаған Қайраттың бойы 80 сантиметр.
Балаға көмек көрсетем деушілер үшін реквизиттер:
Kaspi GОLD: 4400 4301 0001 9501. Шот 8 775 983 51 15 Нурсулу Беккарнаева нөміріне байланған.
ЖСН: 840409400282
Сбербанк: 4578 3200 0283 4758
Ресейден аударым жасау үшін қажетті реквизиттер: KZ 27914CP64369704412
Халық банкі: 4405 6397 9848 3507
Сондай-ақ, баланың анасына +7 777 176 02 48 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
