AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалық шағым сол сәтте аяқталды": Айдана Меденова анасының өлімі жайлы айтты

Айдана Меденова 15 жаста болғанда анасынан айырылған. Отбасының кенже, ерке қызы үшін бұл қазаның ауыр тигені анық. Әншінің өзі, "сол сәтте балалық шағының аяқталғанын" айтады. Ерте есеюге мәжбүр болған Меденова өмірін өзгерткен ой туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"15 жасқа дейін мен өзімді анамның "қанатының астындағы балапандай" сезінетінмін. Өйткені менің қайда баратынымды, не істейтінімді анам шешетін. Сұрағым болса, қай кезде де анама қойып, жауабын алатынмын. 

Өкінішке орай, менің "қанат астынан" ертерек шығуыма тура келді. Балалық шағым сол бір сәтте аяқталды. Бұл анамның өмірден озған сәті еді", – деп бөлісті өнер иесі.

Айдана ерте есеюге мәжбүр болғанын, өмірін өз қолына алғанын жеткізді. 



"Ойлап қараңызшы: анасыз бірде-бір таңдау жасай алмайтын бала енді әр минут сайын шешім қабылдаушы ересек адамға айналуы керек болды. 

Ең қиыны, мен бұдан әрі не істеу керектігін білмедім. Кез келген сұраққа ойыма тек қана "білмеймін" деген жауап келетін. Маған анамның кеңестері жетіспей тұрды. Анамның орны ойсырап қалды", – деді ол.

Осы ретте Меденова өмірін өзгерткен ой туралы айтты. 

"Мен өмірімді өз қолыма алуым керек. Менен басқа ешкім мұны жасамайды және бұл ешкімге қажет те емес. Ешкім көмектеспейді, ешкім көмектесуі де тиіс емес. Бұдан әрі өмірімнің иесі – өзім.
Менде болған тағы бір маңызды түсінік - өмірдің құндылығын түсіну. Адам өмірінің үзілуі бір-ақ сәт екеніне көзім жетті. Сол мезеттен бастап мен әр күнімнің мәнін арттыра бастадым. 

...Көп жұмыс істей бастадым, өйткені өзім үшін "табыстың құпиясын" неғұрлым ертерек білсем, өмірімде өзгерістер соғұрлым тезірек орнайды, мақсаттарыма тезірек жетемін деген шешімге келдім. Алла бізге денені, ақыл мен сананы берді. Мен Алла тағала берген барлық мүмкіндіктерді пайдалана бастадым", – деп түсіндірді әнші.   
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр