AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымыздың болашағы не болмақ": Түркістанда үш жүзден астам студент дипломсыз қалуы мүмкін

Түркістанда жүздеген студент дипломсыз қалуы мүмкін. Себебі екі жыл бұрын ғана ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетіндегі дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеттері жабылып жатыр. Мұны естіген ата-аналар бүгін университет алдына жиналды. Ал білім ошағының басшылығы расымен де педагогикалық саланың лицензиясы жойылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

университет

Қыркүйектен бастап жабылайын деп жатқан факультеттерде 300-ден аса студен білім алады. Университет өкілдері осы уақытқа дейін ақылы бөлімде оқыған студенттердің ақшасы қайтарылмайтынын мәлімдеген. 

"Ректор біз сіздердің жақтарыңыздамыз, бірақ болашақтарың үшін тарап кете салғандарыңыз дұрыс деді. Өйткені бәрібір де біздің диплом жарамсыз болып қалады екен", – дейді студент Севина Вахапова. 

Дүрліккен студенттер мен ата-аналардың кейбіріне кураторлары университет лицензиясынан айрылды дегеннен асып ештеңе айта алмаған. Сондықтан наразы ата-аналар ұл-қызын алып ректорат алдына жиналған. Олар балаларымыз дипломсыз қала ма деп қорқады.

"Ата-аналарға бір рет ескерту жасалынған жоқ. Студенттерді ғана шақырып, жабылатынын айтқан. Не шешімді, не басқаны көрсетпейді. Менің балам ақылы бөлімде оқиды. Ал грантта оқитын балдар үшін ертең басқа университетке бара салыңдар, бірақ біз грантты алып қаламыз, грантты сіздер неғыласыздар, сол жаққа барып ақылы оқисыздар деген. Ешкім хабарын айтпай отыр", – дейді Баян Анарбаева. 

"Қызымның көңіл-күйі түсіп кеткен. Не болғанын сұрап едім, университеттің жабылатынын айтты. Кешеден бері тамақ ішпейді. Күйзеліске түскен. Сонда біздің балдарымыздың болашағы не болмақ", – деп мәлімдеді ата-аналардың бірі Райхан Төлеуова. 

Ата-аналар жиналған соң университет басшылығы шықты. Ректордың міндетін атқарушы университет екі бағыт бойынша, яғни туризм және педагогикалық бағытта білім беретінін жеткізді. Сол 326 студент оқып жатқан педагогикалық сала лицензиясынан қағылуы мүмкін екен.  

"Министрліктен лицензия кері қайтарылады деген ақпарат түсті, бірақ ресми құжат келген жоқ. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймыз. Себебі мұны сақтап қалуға деген үміт бар", – деді Халықаралық туризм және меймандостық университеті ректорының міндетін атқарушы Қарлығаш Аралбекова. 

Университет лицензиясы қалар, қалмасы белгісіз. Десе де ата-аналар балаларының осы жерден диплом алып шыққанын қалайды. Сондықтан педагогика саласын жаппауды сұрап премьер-министрге хат жазды. 

Ата-аналардың өтініші қабыл болмаса, қыркүйек айынан бастап дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығын оқып жатқан 326 студент жан-жаққа тарауы керек. Грантта оқитын 200 шәкірт Қазақстанның кез-келген университетіне өтуі мүмкін болса, ақылы бөлімдегілердің мәселесі әлі қаралады екен. Сондай-ақ, оқытушылар арасында да қысқарту болмайды дейді. Бірақ бұл мәселенің нүктесін министрлік қана қоймақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр