Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымды бағып жатыр": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесіне қатысты сұраққа жауап берді

ақбота нұрФото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесімен араласып тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі балаларына қарайласатын ата-енесін мақтады. 

“Екі құлыныма жүректері кең, ұрпақ қамын ойлайтын, махаббат пен қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әже нәсіп етті. Менің бұрынғы ата-енем балаларыма қарайды. Менің жұмысымның ақсап қалмауын түсініп, әрдайып қолдау білдіреді. Маған көп мүмкіндік берді. Жас кезімде дамысын, оқысын көрсін деп отырады. Аяққа тұрып, өсуімді тілейді. Бұрынғы күйеуімнің әке-шешесі өз ата-анама айналып кеткен. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Амандық болсын әрдайым”,  – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловтың үйленгеніне қатысты да пікір білдірді. 

“Ол қуанышты жаңалыққа әрине ортақтасамын. Себебі әр адам өз тіршілігін реттеуге, алға қарай қадам жасауға лайық. Жүрегімде тек қана шүкіршілік сезімі бар. Ол кісіге тек бақытты болсын деп айтамын”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңа оқу жылына балаларын 1 миллион теңгеге киіндіргенін айтты. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 12:10
Талқылау