Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға, жүкті әйелдерге, егде кісілерге кері әсер етеді: Қазақстан ресейлік зиянды вакцинаны неге сатып алайын деп жатыр?

Онлайн брифинг барысында премьер-министрің орынбасары Скляр журналистердің "Вакцина балаларға, жүкті әйедерге, егде кісілерге кері әсер етсе, неге Қазақстан ол вакцинаны сатып алады?" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Премьер-министрдің орынбасары ресейлік вакцина толық сынақтан өткеннен кейін ғана сатып алынатынын айтты. 

"Біріншіден, ресейлік вирусология институты коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы болып тіркеді. Біз вирусология ғылымының Ресейде дамығанын мойындаймыз. 24 тамызда алдын ала келісімге қол қойдық. Бұл құжат бойынша, Ресей вакцинаны жасап шығарғаннан кейін, Қазақстанға вакцинаны бірінші болып сататын болады", - дейді Скляр.


Вакцинаның пайдасы толығымен дәлелденген кезде Ресей Қазақстанға препаратты бірінші сатуға келісім берген. 

"Қазіргі таңда зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Ал екінші кезеңі жылдың соңында аяқталады. Балаларға, жүкті әйелдерге, егде кісілерге кері әсер етпейтіндей жағдай жасалып жатыр. Қазақстан тек қана вакцина толығымен дайын болғаннан кейін ғана сатып алады", - дейді премьер-министр.  

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Ресей вакцинасын сатып алу үшін келісімге қол қойғаны белгілі болған.  

Талқылау