Балалар дәрі-дәрмектердің себебінен жаппай көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған болып шықты
Денсаулық сақтау министрлігінің тауар және қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің мәлімдеуінше, мессенджерлерде таралған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жалған хабарламада препараттар балалардың ағзасында аллергиялық реакция туғызып, олардың жаппай өліміне алып келуде деп айтылыпты. Бұған қоса бұл жағдайға байланысты 12 бала көз жұмды делінген. Жалған ақпаратқа сәйкес "амоксициллин, капесула, ибупрофен суспензия, алклофенак, сумамед, ингалипт, ангисепт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол" дәрілері мемлекетке контрабандалық түрде жеткізілген препараттардың көшірмесі деп айтылып, олар жеткіншектірдің ағзасына мүлдем жақпайды деп жазылған.
Комитет қызметкерлерінің сөздерінше, мұндай хабарламалар 2014 жылдан бері таралып келеді. Ал қазіргі таңда аталған препараттардың ағзаға кері әсері туралы факті мүлдем тіркелмеген.
"Қазақстандықтардан үрейге берілмеулерін сұраймыз. Сонымен қатар WhatsApp желісінде таралатын жалған хабарламаларға сенбеулеріңізді өтінеміз. Қазақстанда тіркеліп, таралатын дәрілер жайлы www.ndda.kz сайтынан оқып біле аласыздар. Бұған қоса осы сайтқа дәрінің кері ықпалы байқалған жағдайлар жайлы жазуға болады", - деді тауар және қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің қызметкерлері.
Бұған дейін мұндай хабарламалар Ресей тұрғындарының арасында таралған.
Естеріңізге сала кетейік осыдан бірнеше күн бұрын желілерде таралған жәрдемақы мен зейнетақы туралы таралған ақпарат өтірік болып шыққандығы жайлы айтылған еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
