Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды азғындаған: Өмір бойына сотталған әйгілі әйел педофил бостандыққа шықпақ

Педофилия үшін сотталған 49 жастағы Ванесса Джордж жеті жыл түрмеден шыққан соң босатылды.

Балаларды азғындаған: Өмір бойына сотталған әйгілі әйел педофил бостандыққа шықпақ

Әйел балабақшада жұмыс істеп, ондағы жас балаларды мазақ етті. Ол өз әрекеттерін суретке түсіріп, басқа педофилдерге жіберді. Сот үкімі шыққан кезде ата-аналарға Ванесса бүкіл өмірін түрмеде өткізетіндігіне сендірген еді.

Алайда он жылға жуық түрмеде болғаннан кейін, ол зардап шеккен балалардың ата-аналарының наразылығына қарамастан шартты түрде босатылады.

Ванессанын қылмыстары көпшілікке белгілі болған кезде, күйеуі мен оның екі қызы одан бас тартты.

Осы айда әйел бірқатар шарттармен босатылуы мүмкін деп күтілуде. Атап айтқанда, оның қозғалысы бақылауға алынады, сонымен қатар оған интернетке қосылысы бар құрылғыларды пайдалану құқығы берілмейді. Оған сонымен бірге жәбірленуші отбасылар тұратын үйлерге жақындауға тыйым салынады.

Талқылау