Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балалар бар автокөліктерде темекі шегуге қатысты тыйым күшіне енеді

Қазақстан бөлімше полициясы автокөліктерінде балалар бар бола тұра темекі шегіп отыратын жүргізушілерге айыппұл салатын болды. Кодекске әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты түзетулерді Сенат енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заң жобасында учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері құқық бұзушылықтың мынадай төрт құрамы негізінде қарау және жаза қолдану бойынша кеңейтіледі:

  • кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне жол беру;
  • кәмелетке толмаған адамдардың көлік құралдарында темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамау;
  • көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.

Сенатор Андрей Лукин не себепті учаскелік полицияның міндеті осы пункттер бойынша кеңейтілгеніне қатысты түсініктеме берді. 

“Мысал келтірейін, көлік қозғалысына кедергі келтірген ішін 2020 жылы 23 500 азаматқа әкімшілік протокол жасалды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне қатысты мыңға жуық жағдай тіркелді. Ал биыл 400 протокол рәсімделіп үлгерді. Бұдан былай бұл Ішкі істер органының басшысы емес, учаскелік инспекторлардың құзыретіне кіреді”, – деді Лукин. 



Айтуынша, көбіне бұл өкілеттік ауылдық жерлер үшін қарастырылған.

"Біз елді мекендер, жекелеген ауылдар аудан орталығынан ұзақ қашықтықта орналасқан деп ойлаймыз. Сондықтан хаттама бойынша шешім қабылдап құқық бұзушыны тиісті орынға жеткізуге көп уақыт пен қаражат жұмсалады. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесінің орнында қандай да бір бюрократиясыз дәлелдемелермен хаттама жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдайды.

Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес Қазақстанда темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін, оларға арналған сұйықтықтарды онда кәмелетке толмағандар болған кезде көлік құралдарында тұтынуға тыйым салынады. Құқық бұзушылық жасағат жеке тұлғаларға15 АЕК (2021 жылы 43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Талқылау