"Балалар үшін қауіпті": Тележүргізуші Майя Бекбаеваның ұлы Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында қатты жарақат алды
Белгілі журналист Майя Бекбаева Нұр-Сұлтандағы триатлон саябағындағы қауіпті құрылымдардың кесірінен баласының жарақат алған туралы айтып жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Instagram
Ол баласының ауыр жарақат алғаны туралы айтып берді. Оған қоса, мұндай жағдай бұл саябақта алғаш рет болмағанын, үнемі қайталанып тұратынын алға тартты. Осылайша ол қала әкімдігінен бұл жағдайды назарға алуын сұрады.
“Сенбі күні кешке балам қолын сындырды. Триатлон парктегі көпірдін астында өте қауіпті құрылымдар бар. 2-ші қалалық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде сол саябақтан жарақат алған балалардың үнемі дәрігер көмегіне жүгінетіні айтылды. Сондықтан әкімдіктен ол жерді тексеруін сұраймын. Ал ата-аналар сақ болғандарыңыз абзал, балаңызды қараусыз қалдырмаңыз. Баламыз білектің ауыр жарақатын алды, сынығы ашық болды. Оның қанға малынған қолын көрген кезде жүрегім тоқтап қала жаздады. Балам наркозды, отаны да реанимацияны да бастан өткеріп, аман қалды”, – дейді Майя Бекбаева.
Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығы басшысы Елнар Базыкен түсініктеме берді.
“Балаларға арналған ойын алаңы қауіпсіз. Бұл алаңды орнату алдында барлық қажет тексерулер өткізілді. Балаларға арналған ойын алаңы— паркурлық трюктерге арналған платформа, сондықтан ойнаған кезде балалар абай болуы керек. Кез келген ойын алаңында балалар қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет”, – деп түсіндірді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
