"Балалар арасындағы суицид алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейту керек": Президент омбудсмен туралы заң қабылдауды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында балалар арасындағы суицидтің күшейгені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сонымен қатар біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн", - дейді Тоқаев.
Тоқаев: Бұқаралық және балалар спортына назар аудару керек
Сондай-ақ, мемлекет басшысы омбудсмен институты туралы да сөз қозғады.
"Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ, ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан, жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауымыз керек", - деді мемлекет басшысы.
Талқылау