Асан Өмбетов Ақтөбе облысы, Бабатай ауылында дүниеге келген. Тоғызыншы сыныпты аяқтағаннан кейін М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына оқуға түсті. Бұл оқу орнын бітірген соң теміржол училищесіне қабылданды.
"Ақымақсың ба!: Балағат сөз айтқан ҚТЖ топ-менеджері қызметінде қалды
Фото: golos_krg_kz
Әлеуметтік желіде "Қазақстан теміржолы-жүк тасымалы" ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директорының орынбасары Асан Үмбетовтің қатты сөйлеген видеосы тарады. Оқиға Қарағанды облысындағы вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асан Үмбетов қызметкерлерден қатаң сөгіс айтып, есеп талап еткен.
"18 вагон рельстен шығып кеткен, (...) ал олар бәрібір келесі станцияға дейін сүйреп апарған. Елестетіп көрші, станцияларда, стрелкада (рельс ауыстыратын жер), вагондар шалынып, аударылып жатқан. Сонда ғана тоқтаған. Бұл масқара. (...) 13 шақырым бойы рельстен шыққан вагондарды сүйреп келе жатқан. Бұл не сұмдық?! Қалай сөйлесу керек енді сендермен? (...). Мақсат дегенің 13 шақырым бойы рельстен шығып кеткен вагондарды тоқтамастан сүйреген. Қарағанды, масқара! Қарағандыда бір пойызда бір жағдай, екінші пойызда тағы бір жағдай. Шыдам таусылды болмайды! Қарап тұрсаң 770 вагон, екі сағат бойы қарап тұрған. Осындай бейберекет жұмыс бола ма? Пойыз баяуласа, ол түсінуі керек қой, тежегіш іске қосылды ма, әлде басқа ма?", – деп ашулы күйде айтқан ол.
"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі этика мен жауапкершілік компания мәдениетінің негізі екенін атап өтті. Өмбетовпен қызметтік әдеп кодексі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Компаниядағылар оның эмоциялық реакциясын қызметкер тарапынан қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірген өрескел бұзушылықтармен байланыстырды.
"Бұл жағдай теміржол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірді. Саланың тұрақты дамуы әр қызметкердің жеке жауапкершілігінсіз мүмкін емес", - деп мәлімдеді Қазақстан теміржол компаниясы.
Видеода дөрекі сөздер айтылғаны байқалғанымен, кейбір оқырмандар мұны жөнсіз деп емес, керісінше, орынды әрі шынайы реакция ретінде бағалап отыр. Олардың пікірінше, Үмбетов жұмысқа жан-тәнімен берілген басшы. Ол кабинетте отырмай, оқиға орнына барып, нақты талап қояды, тәртіп пен қауіпсіздік үшін күреседі. Көпшілік мұндай басшыларды жазаламай, бағалау қажет деп есептейді. Себебі дәл осындай жанашыр, тік мінезді адамдар ғана жүйеде тәртіп орната алады дейді желі қолданушылары.
Қоластындағыларды "рогаткамен" атқан полиция бастығы қызметінен айырылды
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Мендебаев әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтылған аудиожазбаның таралуынан кейін қызметінен шеттетілді. Аудиодағы дауыстың оған тиесілі болуы мүмкін екені айтылған.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
