Балағат сөз айтып, қызметкерлеріне жұдырық ала жүгірген: Алматылық шенеуніктің басы дауға қалды

Алматылық шенеунік қол астындағы қызметкерлерін балағаттап, тіпті, оларға жұдырық ала жүгіреді екен. Бұған қоса, Алматы әкімдігінің экология бөлімінің қызметкерлері басшыларының ақша жинайтынын да айтыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде бөлім басшысы Қайрат Тоқтасыновтың даусы естілетін аудиожазба таралған көрінеді. Алматылық экологтар дауыстың расымен сол кісінікі екенін алға тартады. 
"Нұрсұлтан деген жігіт әжесі қайтыс болып бір күн жұмысқа келмегені үшін осындай айқай-шу шығарды, деді. Осы бірінші желтоқсанға қарсы бізге премия берді. 60-70 мыңнан. Сол премияны алған кезде қоластында істейтін жігітке "бар да аналардан 10 мыңнан жинап алып кел", депті. Ақша жинайтын бірінші күн емес, осы кісі жұмысқа келгелі бері осы ақша жинаумен келе жатыр", - дейді Әуезов ауданының бас экологы Ғалия Төлегенова.

Сондай-ақ, бөлім басшысы ұруға дейін барады екен. Дегенмен шенеуніктің өзі мұның бәрі жала жабу екенін айтады. 

"Ол менің дауысым ия. Бәрі жала жабу, оларды мен әлі сотқа беремін. Бұлардікі бірақ мәселе осы менің орныма таласқалы төрт жыл болды. Мен тазамын. Қазір біреуді ұратын заман ба", - деді Алматы қаласы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Қайрат Тоқтасынов.

Қазіргі таңда оның үстінен 15 маман арызданып отыр. 

"Қызметтік тергеу аясында Қайрат Тоқтасыновтан түсініктеме алынды. Қазіргі уақытта аталған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер толық құрамда жинау жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді "Алматы тұрғын үй" мекеме директоры Нұрғали Сыртанов. 

Алдағы аптада қызметтік тексерістің нәтижелері жариянады, деп сендірді құзырлы органдар. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр