Балаға ұқсайды: Камера бөлменің ішінде қозғалған белгісіз бейнені түсіріп алған (видео)
Камера бөлменің ішіне қозғалған бейнені түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Джоуи Нолан әдеттегідей камераға жазылған түнгі бейнежазбаларды тексерген. Сол сәтте қонақ бөлмеде жүгіріп жүрген баланы байқап қалған. Алайда, оның отбасында ешқашан кішкентай бала болмаған.
Бірнеше уақыт бұрын Джоуи желідегі қолданушыларына бұл жазбаны көрсетпекші болып, парақшасында бөліскен. Ол бұл видеоның 2019 жылы тамыздың басында түсірілгенін айтады. Бейнежазбада қонақ бөлмесі мен баспалдақтарды көрсетеді.
Джоу бірнеше уақыт бойы оқиғаның байыбына бара алмаған. Ол архивтерді көтеріп, үйде біреу өліп қалмады ма деп тексерген. Әсіресе бала өлімі болды ма деп жіті қадағалапты ол. Сонымен қатар, бұл оқиға орын алған күндерге қатысты тылсым бір жағдай болды ма деп тексерген. Бірақ видео желіде тарағаннан кейін бұған қатысты жұрт әртүрлі пікір білдірген.
"Бұл мысықпен ойнаған кішкентай ұлға ұқсайды", "Мысықтың болып жатқан оқиғаға мән бермегені таңқалдырып тұр", "Бұл жай ғана шаң", - деп пікір білдірді желідегілер.