Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала күнімізден бір-бірімізге ғашық болдық": Әйел өлім аузында жатқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты

Ұлыбританиялық әйел өлім аузында жатқан ер адамға тұрмысқа шықты. Күйеуі некелескеннен 4 күн өткеннен кейін көз жұмды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биылғы жылдың 20 ақпанында 38 жастағы Мартин Симмонс зауытта жұмыс істеп жүріп жарақаттанған. Оның қолын контейнер тартып кетіп, әріптестері құрылғыны дер кезінде өшіріп үлгермепті. Салдарынан ер адам қолынан айырылып, иығы, мойны мен миы зақымдалған. Ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер құтқарып қалу үшін соңына дейін күресті. Алайда артынша оны аман алып қала алмайтындарын мойындады. 

Осыдан кейін оның 35 жастағы қалыңдығы Тина Симмонс ауруханада неке қию рәсімін өткізуді ұйғарады. Бұл кезде күйеу жігіті комада жатқан екен. Ал дәрігерлер бірнеше күннен кейін ер адамның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппаратты өшіретіндерін айтыпты. Өз кезегінде әйел Мартинге тұрмысқа шығуға уәде бергенін, сондықтан сөзінде тұруы керегін жеткізді.

«Бұл мінсіз күн еді. Мартиннің ең жақын досы оның атынан неке антын оқыды. Ал менің ұлым Томми саусағыма неке жүзігін тақты. Сол күні Мартиннің жанына жатып, бір сағат құшақтап, аз уақыт бірге ұйықтадым», - дейді Тина Симмонс. 

Тина Мартин екеуі бала күнінен бері бір-біріне ғашық болғанын айтады. Алайда бір кездері араласпай кеткен екен. Ал осыдан үш жыл бұрын автобуста кездейсоқ кездесіп қалып, содан бері кездесе бастапты. Олар 2020 жылдың сәуір айында шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген. 

Бұл жағдайдан кейін Тина үйлену тойына деп сатып алған қымбат көйлегін өзге қызға сыйлады.

«Себебі көйлекке қарасам, жүрегім ауыратын», - дейді ол. 

Талқылау