Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бала кезіндегі досын өлтіріп, мәйітін жерқоймаға жасырған қылмыскерге сот үкімі шықты

Оралда бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін үйіндегі жерқоймаға көміп тастаған Виталий Валитов 11 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабарлайды. 

қылмыс

Орал сотында келтірілген деректерге қарағанда, ескі достар есік алдында арақ ішкен. Артынан екеуі сөзге келіп қалып, Виталий Валитов құрдасын ұрып құлатқан және мойнына екі рет пышақ салған. Артынан мәйітті жерқоймаға түсіріп көміп тастапты.

"Өзінің жауабына қарағанда: "Мен қорықтым. Сосын ұмытқым келіп, ары қарай тағы бес күн бойы арақ іштім". Жаңағы мәйітті көміп тастағаннан кейін сол сарайдың өзін бұзып, погребке тастаған. Кілем, кірпіштер, соның бәрін тегістеп көміп тастаған. Сол уақытта жәбірленушінің анасы терезеден қарап тұрып: «менің балам осы шұңқырдың ішінде, әйтпесе ол неге көміп жатыр? Соның ішінде өліп жатыр", - деп айтқан шешесі", - дейді БҚО мамандандырылған аудан аралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.

Сотта Валитов қылмысын толық мойындап, қаза болған досының туыстарынан кешірім сұрады. Судья, өкінген қылмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған қызын барын ескере отырып оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

"Екеуі де бала күнінен бірге өскен жігіттер ғой. Бірақ қылмысты бізден жасырғанын білгенде қатты ашуландық. Енді оны өзіміз аяп, кешірім беріп отырмыз. Өйткені артында кішкентай баласы бар", - дейді марқұмның туысы Елена Батаева. 

Талқылау