Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бал айына аттанды: Тәуекел Мүслім жақында әке атанады

Тәуекел мен жары Махаббат жақында ата-ана атанбақ. Актер әке атануға асық. Қуанышында шек жоқ. Желідегі көпшілік құттықтау тілегін айтып жатыр. 

Тәуекел қолына ақ құсын қондырды. Махаббат ақ көйлек киіп, қалыңдық атанбаса да бақытты екенін айтты. Карантин уақытында бас қосқан жұп үйлену тойының болмайтынын айтқан еді. Қатаң карантиннен соң Тәуекел мен жары бал айына аттанып кетті. Олар Мысырда демалып жатыр. 

"Жеке менің демалысым ұшудан басталады және ол мүмкіндігінше жайлы болуы керек. Маған жаңа газет иісі, жайлы орын, ұшу кезінде түрлі жақсы нәрселер тарататын стюардессалар ұнайды. Біз Шарм-эль-Шейхке аттандық. Мысырға былтыр барғанымда демалып үлгермеген едім. Ол кезде Барон-2 фильмінің түсірілімі болды. Бірақ біз мұнда қайта оралып, демаламыз деп уәде бердік. Биыл ертегі елге жалғыз емес, әйеліммен келдім. Бұл біздің бал айымыз", - деп жазды Тәуекел парақшасында.

Желіде жас жұбайлардың демалыстан үзінді фото-видеолары жарияланды. 

Желідегі көпшіліктің видеодан Махаббаттың жүкті екенін аңғарып қойды. Олар құттықтасып, ана бақытын тіледі. 



"Махаббаттың жүкті екенін неге айтпадыңыз?", "Қуаныштарыңызға ортақпыз, ата-ана атаныңыздар, ана бақытын, әке бақытын тілеймін", "Жұптарыңыз жазылмасын, аман-есен сәби өмірге келсін", "Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұпсыздар, Махаббаттың да Тәуекелдің де бақытты екені жүзінен аңғарылады", "Махаббат иманды қыз секілді", "Алланың қалауымен бөпелі болсаңдар құттықтаймын, өмірдің шамшырағы, көңілдің жаншуағы, бала деген адамның жайқалған жапырағы", "Төсін жалаңаштағаны несі, иманды қыз ба десем", "Тәуекелдің өзі көрсетіп тұрса әйелі қайда барады", - деп жазды олар.

Талқылау