Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытты бол: Анасын тұрмысқа шығуымен құттықтаған Айару Бақытбек елді таңғалдырды

Біраз уақыт елді шулатқан Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызы күні кеше отбасын құрды. Атышулы жұп ел ойлағандай дүркіретіп той жасаған жоқ. Тек жақындарының ортасында некелерін қидырды. Қуанышты күні продюсердің кіші қызы анасының жанынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Анасын алғашқылардың бірі болып Айару Бақытбек құттықтады.

“Анашымды некеге тұруымен құттықтаймын. Жалпы анасы мен қызының арасындағы ең жылы қарым-қатынасты түзген анамның өзі, ол маған кез келген жағдайда түсіністік танытып, қолдау білдіру керектігін үйретті. Бақытты бол, менің ең сүйікті адамым”, – деп жазды Айару инста-парақшасында.

Желі оқырмандары арасында Айарудың ішкі ойын түсініп, қолдау білдіргендер де, сынағандар да табылды. Екіншілері, өз әкесі абақтыда отырғанда, анасының өзге азаматқа тұрмысқа шығуын қолдаған қызды сынға алды.

Айта кетейік, бұл күні Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек шетелде жүр.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызы заңды түрде некелерін қиған болатын.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев тізерлеп ұсыныс жасайтын жігіттерді сынап тастады

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Үйленуге тура келді: Алагөзов продюсермен тойы туралы айтып берді

Талқылау