Бақытбек Есентаев қатаң тәртіптегі түрмеге жеткізілді
Бақытбек Есентаев Алматы облысының Заречный ауылындағы қатаң тәртіптегі колониясына жеткізілді. 2016 жылдың 3 қарашасы күні сот танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуін 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Бақытбек Есентаев Баянның бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданбау жөніндегі өтінішіне қарамастан сот шешімімен нақты мерзімге қамауға алынды.
«Бақытбек Есентаевты Алматы облысының Заречный ауылындағы қатаң тәртіптегі ЛА-155/8 колониясына жіберді. Бұған дейін Есентаев Алматы қаласының тергеу изоляторында отырған болатын»,-деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. Айта кетейік, 10 маусым күні әбден соққыға жығылып, пышақтан дене жарақатын алған танымал продюсер Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді
Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)
Сәкен Майғазиев: Тұқымын бұзғысы келген қыздар қазаққа жақсылық әкелмейді
Қытайлық жанкүйерлер Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастады