"Ең әдемі қалыңдық": Той көйлегін киген Ақбота Сейтмағамбет белгісіз жігітпен көзге түсті
Танымал әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында жүзін жасырған ер азаматпен құшақтасып тұрған суретін жариялады. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/akbotanurabaykyzy
Жеке өмірін құпия ұстайтын өнер иесі оқырман ойландырып қойды. Той көйлегімен суретке түскен әншінің саусағындағы неке жүзіге ұқсас сақина да назардан тыс қалмады.
“Әрбір адам өзін бақытты сезінетін жерде жүруі тиіс. Мен тұратын жердің аты –Сағыныш, сен тұратын елдің аты – Махаббат”, – деп жазба қалдырды.
Белгісіз жігіттің құшағында тұрған Ақботаның суреттері желі қолданушыларының ойын сан-саққа жүгіртті.
“Атырауға келін болдыңыз ба?”, “Бақытты болыңдар”, “Ең әдемі қалыңдық”, “Басқа біреудің күйеуін тартып алмасаң болды”, “Жігітің бе әлде сериал ма?”, “Бақытты болуға лайықсың”, “Түсірілімдердің бірі деп білем”, – деп жазды желідегілер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі