Бақыт Шадаева: 52 жастамын, әлі жап-жаспын
Бақыт Шадаева 52 жаста өзін жас сезінеді. Әнші тыңдармандарына көңіл күйі, денсаулығы мен күтімі жайлы ашық айтты.
“52-ге келдім. Өзімді өте жақсы сезінемін, әлі жап-жаспын, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі ұстаймын. Әрине оның бәрі еңбек, денсаулыққа алдын ала әрекет жасаңыз, керек дәрумендерді қабылдаңыз. Су ішіп, тамағыңызды жеңілдетіңіз, жас келген сайын ауыр тағам жемеңіз. Көп қозғалып, күлімдеп жүріңіз. Сонда бәрі жақсы болады”, – деді Шадаева.
Әнші бақытты өмір сүрудің құпиясын бөлісті.
“7 өмір ережесі. Бақытты болу үшін үміттермен өмір сүруді доғарыңыз. Көңіл көтеру үшін спортпен шұғылданыңыз. Өзіңізді түсіну үшін өзіңізге сұрақ қойыңыз. Әлемді түсіну үшін оқыңыз. Табысқа жету үшін қателесуден қорықпаңыз. Көбірек алу үшін беріңіз. Жақсы түсіну үшін үйреніңіз”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенді даусы дұрыс қойылмаған әнші деп атаған еді. Бұл пікірі көпшілік арасында қызу талқыға түсті.
Меруерт Түсіпбаева құрбысы Бақыт Шадаеваның Димаш жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты. Бұл өзін танытудың әдісі деп мысқылдады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
