Бақыт Сәрсекбаев бастаған Қазақстан құрамасы алғаш рет өтетін Азия чемпионатына аттанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі
Қазақстанның жастар мен U-22 боксшылар құрамасы 1–11 тамыз аралығында Бангкок қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысу үшін сапарға аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке жаңадан құрылған World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл – World Boxing аясында өтетін алғашқы құрлықтық чемпионат екенін атап өткен жөн. Аталған ұйымның Олимпиада істері жөніндегі комитетін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқарады.
Тайландтағы жарыста ел намысын 39 спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасын 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жетекшілік етеді.
Азия чемпионатында Қазақстаннан бөлек, Өзбекстанның да бокс құрамасы сынға түседі. Біздің спортшылар толық құрамда Тайландқа аттанып үлгерді.
Айта кетейік, өткен жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде Бақыт Сәрсекбаев баптаған қазақстандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
