Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақылауларыңыздан пайда жоқ": Екібастұздықтар пәтерлерінің әлі күнге дейін суық екеніне наразы

Әлеуметтік желіде екібастұздықтар пәтерлеріне жылу берілгенімен әлі де суық екеніне наразылықтарын айтуда. Ал әкім бұл мәселеге жылу беру жүйесі емес, пәтерлердің өз іштеріндегі дайындықтың жоқтығы себеп болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет қала әкімінің Instagram парақшасынан

Бұған дейін жұртшылық қаланың бір қазандықпен ғана жылытылатынын жеткізген еді. Алайда қала әкімі Аян Бейсекин қазір Екібастұз қаласы бес қазандықпен жылытылатынын алға тартты. 7 қарашада Instagram парақшасында жариялаған видео-есепте әкім тұрғындардың жылу мәселесіне шағымдары барын растады. Дегенмен ол мәселенің басым бөлігі шешіліп қойғанына сендірді.

“Өздеріңіз білетіндей, жылыту маусымы басталысымен көпқабатты тұрғын үйлерден шағымдар түскен еді. Қазір барлық мәселені шештік. Жылу жүйесін реттеп, баптаумен үлкен ұжым айналысуда. Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс айтамын. Жұмыс облыс әкімінің және менің жеке күнделікті бақылауымда. Бүгінде бес қазандық жұмыс істеп тұр. Ауа температурасын ескерсек бұл жеткілікті", – деді әкім.

Дегенмен әкімнің жазбасының астына тұрғындар түрлі пікір жаудырды. 

“Мен 15 шағын ауданда тұрамын. Жылу 3,5 тәулікке өшірілді. Жылытқыштар қосып отырмыз. Кейін батареялар сәл жылығанымен үйдің іші әлі де суық. Бұрын шұлық киетінмін, ал қазір тоқылған шұлық пен тәпішкені қатар киемін", - деді Екібастұз қаласының тұрғыны.

“Сізде барлығы жақсы екеніне қуаныштымын. Бірақ біз тоңып отырмыз. Бұқар жырау 14 көшесінен бастап үлерде салқын. Кеше сіздің қызметкерлер келді. Бақылауға алатындарын айтты. Бірақ сіздердің бақылауларыңыздан еш пайда болып жатқан жоқ. 10 сағат өтті ешқандай жұмыс жүргізбеді”, – деді тағы бір тұрғын.

Қала тұрғындарына жауап беруге тырысқан әкім егер үйде жылу болса, бұл маусымаралық уақытта үйішілік желілердің жылыту маусымына дайындалмағанынан екенін ескертті. Учаскелердің әрқайсысында тексерулер жүргізу қажет деген ол мұны тұрғын үй инспекциясына тапсырды.

Еске салсақ, бұған дейін Екібастұздағы көшелердің бірінде жөнделген жылу құбырының жарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Одан бөлек, сарапшылар Екібастұз бен Риддердің тағдырын биыл басқа қалалар қайталуы мүмкін екенін болжады. 

Талқылау