Екібастұзда жақында ғана жөнделген жылу құбыры қайта жарылды
Екібастұздағы көшелердің бірінде жақында ғана жөнделген жылу құбыры жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Ақпаратты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі растады.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар жарылыс болған жерден бейнежазба жариялады. Кадрлардан лас судың тікелей жолға ағып жатқаны көруге болады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 20-23 қыркүйек аралығында жаңадан қалпына келтірілген №5, 8, 12 жылу магистральдарын тазалау және қысымды сынау жұмыстары жүргізілгенін, жаңа желілерде жүргізілген сынақтар кезінде ешқандай бұзылулар анықталмағанын түсіндірді.
"26-30 қыркүйек аралығында №2 жылу магистралінде сынақтар жоспарланған. 26 қыркүйекте Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде қайта қалпына келтірілген №2 магистральдық құбырында ақау анықталды", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында бүлінген жерлерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
