Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бахрейнде жоғалған Тагина Хайтметованың анасы мәлімдеме жасады

Ал тағы бір араб елі  –  Бахрейнде ізім ғайым жоғалған жерлесіміз Тагина Хайтметова жайлы әлі күнге дейін мүлдем хабар жоқ. Сыртқы істер министрлігі табыс табамын деп шетелге аттанып, хабарсыз кеткен 24 жастағы қызды да іздестіруде. Ол шілденің 27-сі күні Астанадан Дубайға ұшып, Бахрейнге жеткен. Соңғы рет 29-шілдеде байланысқа шығып, қонақ үйге жұмысқа орналасқанын жеткізген екен. Содан бері хабарсыз отырған қамкөңіл ана Матлюба Ханжанова КТК арнасымен тікелей байланысқа шықты.

 матлюба тагина

– Қазір қызыңыз жайлы қандай да бір ақпарат бар ма?

– Қызым жайлы ештеңе білмеймін. Бірінші күннен көзінен көрдім, қорқып тұрғанын байқадым. Адамның саясы түсіп тұрғаны көрініп тұрды. Матлюба Ханжанова.

– 24 жастағы қызды табыс табуға шетелге жіберуге қорықпадыңыздар ма?

– Бізге ештеңе айтқан жоқ. Тек қана ұшатын күні әуежайға барып білдім. Әуежайдан пограничниктен сұраған едім, Дубайға ұшты, сағат 5-те жетеді деді. Сол кезден бастап іздеп жатырмыз.

– Сонда Тагинаның Бахрейнге кеткенін білдіңіздер ме жоқ әлде хабарыңыз болған жоқ па?

– Жеткен соң өзі звондады. «Мама, папа, сіздерге айтпағаным үшін кешіріңдер. Айтсам жібермейтін едіңіздер», – деп хабарлама жіберді. Сосын мен оған звондай беріп, екі рет әрең сөйлестім.

– Қыздарыңыз шетелге кімнің көмегімен кетуі мүмкін деп ойлайсыздар?

– Білмеймін ғой, бір жыл бұрын Виктор Иванович деген кісі көмектескен көп ақшамен, сол кісі көмектесті ма, енді білмеймін. Сол кісі ақшаны бер деп айтты ма… Білмеймін ғой.

– Сізде қандай да бір өзіңіздің болжамдарыңыз бар ма?

– Ол қыздан кім, қай жерден таптың деп сұрадым. Ол айтты Полина Григорьевна деген Скайп арқылы сөйлестім. Сол кісі маған көмектесіп жатыр, билет сол жақтан алып берді деп сол Бахрейнге жетіп, әуежайында отырғанда айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты

Ақмолада жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ата-анасына оны өлді деп хабарлай салған

Алматыдан Сирияға жиһадқа аттанып кетпекші болған жігіт сотталды

Балқашта айуандықпен көз жұмған 18 жасар қыздың өлімі әшкере болды

Талқылау