Бақбақ туралы қызықты 10 мәлімет
Бақбақ – бұл ортаңғы жолақтың барлық жерінде кеңінен кездесетін гүл. Бала кезінде олардың тұқымдарын үрлеу үшін жұмсақ ақ гүлдерді кім жұлып алмады? Бұл көпжылдық гүлдер гүлдеген кезде де, жапырақтары тұқымға орын беріп түскен кезде де әдемі. Сонымен қатар, бақбақ дәстүрлі медицинада белсенді қолданылады. Сонымен, бұл гүл туралы не білеміз. Бұл жайлы Stan.kz ұсынған бақбақ туралы қызықты мәліметтерден біле аласыздар.
- Бақбақтың кейбір түрлерінің тамыры каучуктан тұрады. Сондықтан бұл түрлерді бір кездері резеңке өндіру мақсатында өсірген. Содан кейін каучук ағаштардан сығып алынды. Бірақ, қазір бақбақ шырынынан резеңке өнімдерін өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Бақбақтың жапырақтарынан тосап пен шарап жасайды.
- Бақбақтан құтылу оңайға соқпайды. Бұл өсімдік таңғаларлық регенерациялық қабілетке ие және тіпті түбір жүйесі бұзылса да бұл гүлдер жылдам қалыпқа келе алады.
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кофе тапшылығынан неміс әскерлеріне қуырылған бақбақ тамырын берген. Қуырылған бақтақ тамырынан дайындалған сусын қалыпты кофеге ұқсайды.
- Дәстүрлі итальян асханасында бақбақ әртүрлі тағамдарға ингредиент ретінде қосылып, кеңінен қолданылады. Италияда бақбақ тіпті дүкендерде де сатылады. Олар тағам әзірлеуде пайдалану үшін арнайы өсіреді.
- Бақбақ тұқымы топыраққа енгенге дейін ауа арқылы жүздеген шақырымдарға ұша береді.
- Кавказ тауларының бөктерінен жапырақтары қызылкүрең түсті келген бақбақтың ерекше түрін кездестіруге болады.
- Бақбақпен сағатты тексеруге болады. Олар таңғы сағат алтыла ашылып, түстен кейін сағат 15.00-де жабылады.
- АҚШ-та Огайо штатында мамыр айының бірінші сенбісінде бақбақ күні мерекеленеді. Бұл күні адамдар киімдерін бақбақпен безендіреді және осы гүлдерден түрлі тағамдар дайындайды.
- Бельгияның Ои қаласында бақбақтан сыра қайнатады. Мұнда бұл гүлдерді тіпті паштетке қосады.
Талқылау

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
Әр өңірдің мұғалімдері мектеп қажеттілігіне қанша қаржы жинап беретінін айтып берді

Назарбаев зияткерлік мектебі мен КТЛ-ге түсе алмаған жасөспірімді әкесі ұрып-соққан: Мектеп оқушысы өзіне қол жұмсауды ойлаған
Әпкесі мұны өтпелі кезеңмен байланыстырады және ата-анасының қысым көрсетуін құптамайды