БАҚ: Тақтан түскен Малайзия патшасы «Мәскеу аруымен» ажырасқалы жатыр

Тақтан өз еркімен кеткен Малайзия патшасы Мұхаммед V Фарис пен 25 жастағы ресейлік Оксана Воеводинованың некесі қыл үстінде тұрған сияқты. БАҚ-та өткен жылдың күзінде ғана шаңырақ көтерген ерлі-зайыптының ажырасқалы жатқаны туралы ақпарат тарады.

БАҚ: Тақтан түскен Малайзия патшасы «Мәскеу аруымен» ажырасқалы жатыр

Бұл туралы «СтарХит» басылына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Инсайдерлердің мәліметінше, Мұхаммед V «Мәскеу аруымен» некелескеннен кейін дау туындағандытқан, уақыт өте келе сезімі суый бастапты. Ендігі ерлі-зайыпты ажырасу үшін құжаттарды дайындауда. Десе де олар бұл ақпаратты ресми түрде растамады.

Біраз уақыт бұрын Оксана Воеводинованың жүкті екені туралы мәлімет пайда болған еді. Алайда жеке өміріне қатысты тіс жармаған ресейлік сұлу бұл ақпараттың рас-өтірігі туралы пікір білдірмеді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 22 қарашасында Малайзияның патшасы Мұхаммед V пен “Мәскеу аруы – 2015” атанған Оксана Воеводина шаңырақ көтерген еді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Малайзия патшасы өз еркімен тақтан түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр