“Мәскеу аруы” Малайзия патшасына тұрмысқа шығып, ислам дінін қабылдады
“Мәскеу аруы – 2015” атанған бойжеткен Оксана Воеводина Малайзияның патшасы Мухаммад V Келантан Султанға тұрмысқа шықты.

Той Мәскеуде өтті. Тойға дейін бойжеткен хиджаб киіп, ислам дінін қабылдады.
Некелесу салтанатты шарасы 22 қараша күні Barvikha Concert Hall концерт залында өтті. Тойдағы барлық ас-су халал болды.

Мәліметтерге жүгінсек, Малайзия патшасы ұлттық костюм киіп, қалыңдық орыс стилінде көйлек киген. Той қонақтары той суреттерін желіге жриялады.
Rakyatku News басылымының мәліметінше, бойжеткен тойға дейін хиджаб киіп, ислам дінін қабылдаған.

Оксана Воеводина 22 жасында “Мәскеу аруы – 2015” атанды. Ол киім мен купальниктер дизайнымен айналысқан.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”