Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Ресей арнайы қызметі "Яндекс" арқылы қазақстандықтардың деректеріне қол жеткізе алады

Yandex Qazaqstan баспасөз қызметі сервистер Қазақстан заңнамасына толық сәйкес жұмыс істейтінін хабарлады

Фото: Yandex Qazaqstan

Шетелдік БАҚ-та Ресейдің арнайы қызметі "Яндекс" пайдаланушыларының, соның ішінде қазақстандықтардың деректеріне қол жеткізе алады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шетелдік БАҚ-та сот шешімдерінен үзінділер жарияланып, онда Ресейдің арнайы қызметінің "Яндекс" ЖШС пайдаланушыларының жеке деректеріне толық қол жеткізе алатыны және сервистерді бақылайтыны туралы айтылған. Құжаттарда компанияның ақпараттық жүйелеріне тәулік бойы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі көрсетілген.

Әсіресе "Яндекс" сервистерінің Қазақстан аумағында да жұмыс істейтіні назар аудартты. Мұндай әрекеттер "ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңға қайшы келеді және құзырлы органдар тарапынан тексеруді талап етеді.


"Жеке деректердің тарауына себеп болған": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің экс-орынбасары ұсталды


Жарияланған материалдарға "Яндекс" компаниясына қатысты сот талқылаулары және ресейлік ведомстволардың кейбір нұсқауларын орындағаны жөнінде құжаттар қоса берілген.

Ал Yandex Qazaqstan баспасөз қызметі сервистер Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс істейтінін хабарлады.

"Yandex Qazaqstan Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді. Басқа елдердің заңдары мен талаптары Қазақстандағы Yandex пайдаланушыларына қолданылмайды", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Қазақстандықтардың мобильді деректері тағы бір органға беріледі.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 22:26
Талқылау