БАҚ – Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды
Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды, деп хабарлады “Фергана.ру” ақпарат агенттігі. Аталған бұқаралық ақпарат құралының мәліметі бойынша, өзбек лидерінің өлімі Ташкент уақытымен 15-16 сағат (Астана бойынша 16-17) аралығында орын алған.
Фото: asiaterra.info
Бұл туралы “Фергана” басылымы хабарлайды.
Бірақ ел билігі тарапынан әзірге бұл жөнінде ресми ақпар беріліп отырған жоқ. Ал РИА “Новости” мәнбесі Кәрімовтың қазасы туралы мәліметті жоққа шығарды. “Өлім туралы мәлімет шындыққа жанаспайды. Президент ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты”, – деді ол. Бұдан бұрын президенттің қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлағандай, Ислам Кәрімовтың миына қан құйылып кеткені мәлім болып еді.
Өзбекстан Халық қозғалысы оппозициялық ұйымындағылардың айтуынша, 78 жастағы президент ұлттық олимпиялық құрамаға құрмет көрсетуге арналған банкет кезінде өзін нашар сезінген. Салтанатты шара 26 тамыз күні кешке президенттің Дүрмендегі резиденциясында өтіп жатқан. Банкетке мемлекет басшысына жақын шенеуніктер қатысқан.
Мәнбелердің деректері бойынша, спортшылардың табысына қуанған Кәрімов спиртті ішімдікті шамадан тыс ішіп қойған. Сол күні түн жарымында оның өз әкімшілігінің басшысы Зелимхан Хайдаровпен әңгімелесіп отырғаны да белгілі болған. Сосын кенет ес-түссіз жерге құлап қалған.
Өзбек оппозиционерлерінің мәліметінше, Кәрімовке бірінші медициналық көмекті резиденциядағы кезекші дәрігерлер көрсеткен. Осыдан кейін аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Ислам Кәрімов 1991 жылы Өзбекстанның президенті болды. Содан бері елді үзіліссіз басқарып келеді.
Жіберіп алмаңыз:
Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған
Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын