БАҚ-қа шолу. Әли Оқапов әскерге бару үшін комиссариатқа өтінішпен барған
Әнші Әли Оқапов “Время” газетінің журналисі Оксана Василенкоға берген сұхбатында әскери мансап құруды армандағанын, алайда оны әскерге қабылдамай қойғанын айтты.
Әскери комиссариатқа екі рет жүгінген Оқаповтың өтінішін ол жердегілер қабылдамаған. Себебі Әлидің денсаулығы сарбаз болуға жарамсыз деп табылған.
“Жалпақтабандылық бар, одан бөлек омыртқам қисайған, жамбасым жылжып кеткен, бір иығым екіншісінен биік, ол кезде салмағым да жетпеген әрі бас сүйек-ми қысымы бар еді. Мұның бәрі аспаптарды үйренген кезде дұрыс отырмағанымнан туған”, – деп атап өтті Оқапов.
Айта кетейік, Әли К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебінің пианино сыныбын, ал Жүргенов атындағы өнер Академиясын вокал мамандығы бойынша тәмамдаған. Жуық арада Оқапов өнертанушы дипломын алмақ.
Жіберіп алмаңыз:
“All Давай” тобының мүшесі Алматыдан түнгі клуб ашты (видео)
Қызықты жұмбақ: Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарынан көмек сұрауда (видео)
Бір топ арулар тойларда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр (видео)
Баян Есентаеваның жаңа фильмінде басты рөлді Тәуекел Мүсілім сомдайды (видео)