Баян Есентаеваның жаңа фильмінде басты рөлді Тәуекел Мүслім сомдайды (видео)

Жексенбі, 30 Қазан , 2016 9:03

Баян Есентаева алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Өз сөзінде танымал продюсер «Қазақ аруы» фильмі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

60e8cdace15b4db52d2fb9905e884ea0

Естеріңізде болса, Баян Есентаева ұйымдастырылуына өзі ұйытқы болған «Қазақ аруы» байқауы туралы фильм түсіретінін айтқан еді. Продюсердің айтуынша, басты рөлді актер Тәуекел Мүслім сомдайды. Ал оның серігі енді іздестіріледі. Есентаева басты рөлді сомдайтын қызды Қазақстанның түкпір-түкпірінен іздемек.

«Нақты айта аламын, басты рөлді Тәуекел Мүслім сомдайтын болады. Бұл фильмде Тәуекел өзін-өзі ойнайды, яғни жобаның жүргізуші болады. Қазіргі уақытта актерлерге кастинг жүріп жатыр. Басты рөлді сомдауға жаңа қыз іздеп жатырмыз. Тәуекел екеуінің арасында махаббат хикаясы орнайды. Басты рөлге «Кеш you» тобынан не басқа да біздің продюсерлік орталықтағы қыздарды алмаймыз. Оны ешкім танымауы тиіс. «Махаббат бекеті» фильміне түспес бұрын мен де кастингтен өттім, ол кезде мені де ешкім таныған жоқ. Есесіне қазақстандық кинематография саласында жаңа есім пайда болды. Сол сияқты мен де жаңа жұлдыздың жарығын жақсам деймін», – деді Есентаева.

Айта кетейік, жаңа фильмге Есентаеваның өзі де түсетін болады. Продюсер «Қазақ аруы» байқауының бас продюсерінің, яғни өзінің рөлін сомдайды.

 

Жіберіп алмаңыз:

Ninety one продюсері орынсыз айыптаулардың астарында не жатқанын айтып берді

Сәкен Майғазиев МузАрттың тарамақ болғанын растады

Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады

Арман Қоңырбаев Аша Матайды кімнен қызғанып жүр? (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 11 күні кері

Кинонын соны жок коягойш тагы бирдеме болмай турганла отырш уйнде тыныш абыройынды сактап

Анонимно
1 ай 11 күні кері

Тусирмейтин аккойш кинонын соны аякталмай калад соныда кино деп тусинесинбе.Онанда оз омиринди реттеп алш

Анонимно
1 ай 11 күні кері

Жанынанда караганда тож кози ерни не то бара бара жазылар алла буйырса

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар