Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ninety one продюсері орынсыз айыптаулардың астарында не жатқанын айтып берді

Қазақстандық бойз-бэнд NINETY ONE қысқа мерзім ішінде ел жастарының жүрегін жаулап алды. “Айыптама” және “Қайтадан” бейнебаяндарын ғаламторда 120-дан астам тамашалаған. Ұжым шығармашылығы отандық шоу-бизнеске жаңа серпін әкелгенімен, жұрттың сынына ұшырады.

909752
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ұжымға дәстүрлі емес жыныстық көзқараста, бөтен мәдениетті таратып жүр, корей бойз-бэндтеріне еліктейді деген бірқатар айыптаулар айтылды. Жақында Ақтөбе, Қарағанды және Жезқазған қалаларында NINETY ONE тобының концерттері болмай қалды. Қоғамдағы у-шудың себебі не, жастар тобы кімге несімен жақпай қалды деген сұрақтарға  Sputnik Қазақстан агенттігі NINETY ONE тобының продюсері Ерболат Беделханмен бірге жауап табуға тырысты.

– Дайындық барысында неліктен концерттеріңіз болмай қалды?

— Оның себебі белгілі ғой. Он шақты адам наразылық білдірген, соған байланысты жергілікті әкімшілік концертке рұқсат берген жоқ. Сол мәселенің екінші жағы да бар. Халық арасында біз жайлы қате пікір қалыптасқан. Балалар шашын бояды деп, құлағын тесті деп сынайды. Кейбіреулер дінге қарсы шығып жүр деді. Тіпті дәстүрлі емес жыныстық көзқараста дегендер де болды. Мұның бәрі қате пікір – біз дінге қарсы емеспіз, өйткені бәріміз де мұсылманбыз. Және мәдениеттерін насихаттау үшін шетелдіктер бізге инвестиция салып жатқан жоқ. Біз тек өз музыкамызды насихаттаймыз. Сол үшін мен өз қаражатымды жұмсап, шетелден білім алып, елімізге алып келіп отырмын.  – Кейбіреулер мұны қара пиар үшін істеп жүр деп ойлайды. Бұған не дейсіз? — Жақсы сұрақ. Негізінде оның ақ-қарасы болмайды. Осылай шу шығатынын алдын-ала сезгенмін. Бірақ бұл жастардың таңдауы, солардың сұранысы. Ал, сұраныс бар жерде әрі қарай дамуға мүмкіндік туады.

– Әншілеріңіз корей әртістеріне неліктен қатты ұқсайды? Әлде корей сериалдары мен шоу-бизнесі танымал болғаны үшін осындай топ құруға шешім қабылдадыңыз ба?

— Корея әншілеріне ұқсайтынымыз рас, себебі біз азиялықпыз. Мен шетелде көп жүрген адаммын. Олар “ой, сен қазақ екенсің, сен жапон екенсің, сен корей екенсің” деп айтпайды. Олар үшін біздің бәріміз азиялықпыз. Қазіргі таңда Азия әлемі әлемдік шоу-бизнесте өз үлесін қосуда. Соның арқасында Азия бейнесі, музыкасы трендке айналды.  Мен Қазақстанды Азия елі ретінде танытқым келеді. Сол себепті корей шоу-бизнесін меңгеріп, оның элементтерін өз тобымда қолданып жүрмін.

– Демек, Қазақстандағы басқа бойз-бэндтерден осылай ерекшеленбексіздер ғой?

— Шоу-бизнесте ең бірінші аудиторияны бөліп алады. Мысалы, Қазақстанда негізгі қозғаушы күш той, яғни мерекелік кештер. Ал енді той тойлайтын кім? Үлкен кісілер, демек бұл мүлдем басқа аудитория. NINETY ONE тобы тойларға шықпайды, сол себепті NINETY ONE тобы қазақтың тойын менсінбейді деген тағы бір қате пікір қалыптасты.  Біздің тыңдармандарымыз – жастар, біздің шоу-бизнесте жастарға арналған контент аз, сондықтан олар корейлерді, ағылшындарды және басқа да шетелдік музыканттарды тыңдайды. Мен осы тойлардың шеңберінен шығып, жас аудиторияға жұмыс істегім келеді.  – Болашақта имидждеріңізді өзгертпейсіздер ме? — Үлкен кісілер өзгерт  деді екен деп өзгертіп жіберсек, тыңдармандарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Мен кім үшін жұмыс істеймін: жастар үшін бе, әлде үлкендер үшін бе? Стильді өзгертсем, қазіргі барымнан айырылып қаламын. Ал, бұл қаражатымды босқа шашып жібердім деген сөз. —  Рұқсат бермей қоятын болса, концерттеріңізді қалай өткізбексіз? Мұнымен қалай күресесіз? — Қазақстан азаматы ретінде негізі менің құқығым бұзылды. Заңға жүгінетін болсақ,  он адам көтерілді екен деп концертті алып тастау әділдік емес. Концертке билет сатып алған басқа мың жарым адам, қыздарымыздың көз жасы қайда қалды? Ал егер концертте порнография көрсететін болсақ, онда бізге шын мәнінде тыйым салынар еді. Әйтпесе, концертімізге тыйым салатын құқығы жоқ. Бұл заңсызсыз. Мен концертті ұйымдастырушы емес, орындаушымын. Сол концерттің өтпеуі ұйымдастырушыларға да шығын келтіріп жатыр. Олар бәрін заң бойынша істейміз,  шешілмесе сотқа жүгінеміз дейді.  Біз де қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір концерттік тур бір аптаға тоқтатылды. Ұйымдастырушылар Астана қаласындағы мәдениет басқармасына барып, осы мәселені шешуге тырысып жатыр.

– Қай облыста тыңдармандарыңыз көп?

— Барлық облыстарда, тіпті ауылдық жерлерде де тыңдармандарымыз көп. Бірақ өкінішке орай ол жақта инфрақұрылым дамымаған. Сол себепті Астана мен Алматыдағыдай үлкен кештер өткізе алмаймыз. Басқа қалалардағы мәдениет сарайларына әрі кетсе жеті жүз-сегіз жүз көрермен сыяды. – Біздің білуімізше, әндердің сөзі мен музыкасын өзіңіз жазасыз ғой? — Мен продюсермін. Әрине, әннің музыкасы мен сөзі менің қатысуыммен жазылады. Бірақ әншілерім тек қана орындаушылар емес. Билері мен образдарын ойлап табады, әннің сөздерін өздері жазады. Ал мен тек бағыт-бағдар беріп отырамын.  – “Айыптама” әні хит болды. Youtube-те көптеген көрермен тамашалады. Ал жаңа хиттер қашан шығады? Болашаққа жоспарыңыз қандай?  — “Айыптама” әнін жүз жиырма мемлекет көрді. Сол жүз жиырма мемлекеттің үшінде елу жеті ел бізге видеореакция берді. Бұл статистиканы өз көзіңізбен көре аласыз. Сонымен қатар, “Айыптама” әні  Gakku-чартта жиырма апта бойы бірінші орында болып, жүлделерін ұтып алдық. Содан кейін бізде екінші сингл ” Қайтадан” шықты. Бұл бейнебаянмен біз тағыда  жиырма апта бойы Gakku-чарттың көшбасшысы болдық. Сөйтіп, екінші жүлдемізді иелендік.  Өткен жылы қыркүйек айында “Қайтадан” және “Айыптама” әндері қосылған мини-альбомымыз шықты.  Осы жылдың соңына қарай біз екінші мини-альбом жасап, екеуін қосып, толық бір альбом шығармақпыз. Содан кейін жастарға арнап контентті толтырумен қарқынды айналысатын боламыз. Концерттер беріп, қаражат табу да ойымызда бар.   “Қайтадан” бейнебаяны шыққаннан кейін шетелдегі көрермендеріміз біздің айрықша бағытымызды байқап, оған Q-pop деген ат берді.  Олар стиліміздің корей поп-мәдениетіне мүлдем ұқсамайтындығын айтады.
Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев МұзАрттың тарамақ болғанын растады

Депардьемен бір төсекте: Қазақстандық актриса интимді суретін жариялады

Екі баланы дүниеге әкелген Динара Сәтжан мінсіз денесін көрсетті

Баспасөзге шолу. Роза Рымбаева барлық туысына Алматыдан пәтер алып берген

Талқылау