Бір топ арулар тойларда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр (видео)

Жексенбі, 30 Қазан , 2016 11:19

Той халықтың қазынасы ғана емес, бүгіндері әнші-бишіні асырап отырған жұмыс орнына айналды. Халық бұл ғасырды өнерпаздардың заманы деп атауда. Себебі танымал эстрада жұлдыздары тойдан тапқан табысының арқасында нанын тауып жеп жүр. Ән жаздыру, бейнеклип түсіру, қымбат сахналық костюмдер тіктіру – бәрі-бәрі тойдан түскен қаражаттың есебінен төленеді.

байырбекова жазира756

Әнші Жазира Байырбекова бір сұхбатында әр тойдан 4 мың доллар көлемінде қаржы табатынын айтқан еді. Жанболаттың Жазирасы «Қыз ұзату» тойларына жиі қатысады. Себебі оның «Қыз бақыты» әні ел арасында кеңінен танымал. Алайда әншінің даусын пайдаланып аузын жыбырлатқан орындаушылар алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген көрінеді. Бұл туралы Жазира Байырбекова бір емес бірнеше рет айтты.

«Әндердің көбісі маған дап-дайын болып келе салмайды. “Қыз бақыты” әнін әуесқой сазгер Ербол Байырбековке тапсырыспен жаздырып, ұнамаған жерлерін өзім өңдеп, оны сөзін жаздыру үшін Айнұр Тұрсынбаеваға апарып, қыз ұзатылғанда айтылатын сөздер керек екенін түсіндіріп (Айнұр қаламақы алмай қойды) оны аранжировщикке апарып аранжировка жасатып, әніне, өңдеуіне кеткен қаржыны айтпағанда, ойланып толғанып, түн ұйқымды бөліп дайындаған әнімді қазір талай қыз-келіншектер орындап жүр. Менің аранжировкамды пайдаланып, өз дауыстарымен орындап жүргендерге ешқандай қарсы емеспін.
Ал енді менің дауысыммен xалықты алдап жүргендердің саны тіптен көбейіп барады», – деп жазды Байырбекова желідегі парақшасында.

Одан кейін әнші мұндай алаяқтармен күресу жолын Инстаграм қолданушыларынан сұрады.

Желі қолданушылары Жазираның әнін салып тұрған орындаушыны қатаң сынға алды. Әншіге ондай алаяқтарды сотқа беруге кеңес бергендер көп.

Арада бірнеше сағат өткен соң әнші желі оқырмандарына алғыс айтып, өз даусын пайдаланып жүргендерді сотқа бермейтінін мәлім етті.

“Менің дауысыммен аузын жыбырлатып жүрген қызға әбден ұрсыпсыздар. Мен ол қызды өзім аяп кеттім. Бірақ сіздердің комментеріңізді оқып, ондайлар енді азаяды деп сенемін. Кішкентай кезімізде біреу ренжітсе мамама не папама айтып беремін деп бұртыятын едік қой. Сол сияқты инста-достарыма айтып берем деген ескерту ғой. Сотқа бермей-ақ ол қыздарға сіздердің ұрысқандарыңыз да жетер», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаеваның жаңа фильмінде басты рөлді Тәуекел Мүсілім сомдайды (видео)

Хит болған Pen Pineapple Apple Pen әні Гиннес кітабына енді (видео)

Сәкен Майғазиев МузАрттың тарамақ болғанын растады

Концерт берген ШаҺизада киімдерін сахнада тұрып ауыстырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 9 күні кері

Теле багдарламаларга осы орындаушыларды халык алдында тусиник бергизу кажет

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар