БАҚ Ислам Кәрімовты жерлеу рәсімі өтетін орны мен уақытын хабарлады
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың туған жері Самарқандта мемлекет басшысын жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл туралы өзбек елінің бірнеше ақпараттық сайттары – “Ферғана”, “Озодлик радиоси” және “Өзбекстанның халықтық қозғалысы” хабарлап отыр.
“Өзбекстан басшысының өлімі туралы әлі күнге ресми хабарланбады. Біздің мәліметімізше бұл жұма күні жасалуы тиіс. Ал сенбі, 3-ші қыркүйекте 78 жастағы президенттің денесі жер қойнына тапсырылады”, – деп хабарлады “Ферғана”. Басылым президенттің денесі тиелген ұшақ қазірдің өзінде Ташкенттен ұшып шықты деп жазады.
Агенттік сондай-ақ, жерлеу рәсіміне жүріп жатқан дайындық барысынан да суреттер жариялаған.
“Суреттер өзбек лидерінің Самарқандтағы зиратқа жерленетінін дәлелдейді. Мұнда Ислам Кәрімовтың екі ағасы мен анасы жатыр”, – делінген басылым жазбасында.
Өз кезегінде “Свобода” өзбек радио қызметі Самарқандқа Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мизияевтің ұшып келгенін хабарлады. Қаланың бір бөлігі жабылып, көшелерде мыңдаған адам жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді.
Бұған дейін Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды
Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған
Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын