Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық боксшы Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/proboxtvofficial

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтты. Плант-Ситиде ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Крейг Льюиспен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сегіз раундқа жоспарланған кездесуді Дычко екінші раундта аяқтап тастады. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегін өткізіп, он үшінші кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр.

Айта кетейік, Иван Дычко әуесқой бокста өзбекстандық Баходир Жалоловты төрт жеңген болаты. Ол кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың маусымында өткізді. Дычко Буэнос-Айресте өткен кездесуінде жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені нокаутқа түсіп, ауыр салмақтағы WBA Fedecaribe атағын жеңіп алған еді. 

Талқылау