Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова пиарға жаны құмар шатақ мінезді “жұлдызды” аяйтынын айтты

Продюсер Бағым Мұхитденова өнерде жолы болмай, оған басқаларды кінәлаудан шаршамайтын “жұлдыз” туралы ойын айтты. Ол үнемі дау-дамайға құмартып, басқалардың есебінен өзіне “пиар” жасайтын әншіні аяйтынын жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Бір “жұлдыз” әйелдің сұхбатын оқып шықтым. Оны әдейілеп тырнақшаға алып отырмын, себебі шынайы жұлдызға мүлдем тартпайды. Өте шатақ мінезді және ең бастысы басқалардың есебінен өзіне пиар жасайды. Сонда да оған аздық етеді, қайта-қайта шу шығарып, тіпті адамның күлкісін келтіреді. Жалпы оның барлық мәселеде жолы болмайды. Әрине түсінемін, ешқандай саладан өзін таба алмады, бірақ оған басқаларды кінәлаудың қажеті қанша? 8 наурыздың түсіріліміне біреудің кесірінен мені алмады деп үшінші адамды кінәлап жатыр. Тек сол түсірілімге 10 жылдан бері қабылданбай жатқанын ұмытып кеткен сияқты. Қысқасы ашықтан-ашық аяныш туғыза бергенше күйзелісті емдеген дұрыс”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желідегілер Бағым Мақсатқызының аталған жазбасы әнші Меруерт Түсіпбаеваға бағытталған деп топшылады.

Себебі бұған дейін Түсіпбаева Баянды сынағаны үшін Ұлттық арнаға жау болғанын ашық айтқан еді. Әншінің пайымынша, Ұлттық арна басшылығында Баянның құрбысы Динара Сәтжан отырғандықтан, “Қазақстан” арнасы енді оны түсірілімдерге қатыстырмауы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты

Жанар Дұғалованың не себепті көрінбей кеткені белгілі болды

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

 

Талқылау