Бағым Мұхитденова: Баянға тілегендеріңізді Алла өздеріңізге екі еселеп қайтарсын
Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Баян Есентаеваның ел алдына мәжбүрліктен шыққанын айтып, қынжылды. Бұл үшін ол БАҚ құралдарын кінәлады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Есентаеваның басынан өткен ауыр жағдай бүкіл халықты шулатты. Әсіресе, оның отбасы, туған-туыстары ол үшін қатты алаңдауда. Атышулы оқиғаға қатысты ақпарат құралдарының хабар таратуына Баян да, оның туыстары да наразы. Алайда еліміздегі ең танымал продюсердің өмірі мен шығармашылығы атышулы оқиғаға дейін де ел назарынан тыс қалмаған еді. Есентаеваның сіңлісі болған оқиғалардың жанына қатты батқанын айтты.
«Танымалдылық… Оның өтеуі ауыр болып шықты… БАҚ құралдары мен телеарналар сені аямайды… Сенің ЖЕКЕ өмірің барлығын қызықтырады… Не, қалай, неге, не үшін, жайдан жай емес, демек себебі бар, САУАП БОЛДЫ, ӨЗІНЕ СОЛ КЕРЕК – өлімге бір табан жақындаудың не екенін елестете де алмайтын адамдардың пікірлері осы. Баянға не тілесеңіздер, Алла сіздерге соны екі еселеп қайтарсын!!! Телеарна рейтингін көтеру үшін өз ережелеріне бағынады. Журналистер Баянның, оның балалары мен ата-анасының қандай күйде екенін ойланбастан жеке өміріне қол сұғады (әріптес екендеріңізді біле тұра). Егер де БАҚ құралдары Баянның ЖЕКЕ өміріне араласа бермегенде, қайталап айтамын, ЖЕКЕ өміріне, ол бұл сұхбатты бермес еді! Ел алдына шығуға мәжбүр болды. Оны барлық телеарналар мен ақпарат құралдары да түсініп тұрған шығар. Таңғалудамын, мұның бәрі жаныма ауыр тиіп жатыр…» – деп жазды Бағым Мұхитденова желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Баян Есентаева әріптесі әрі құрбысы Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, 10 маусымда болған оқиға туралы өз аузымен айтып берді. Продюсер моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да толық қалыпқа келмегенін айтты. Сондай-ақ, ерлер қауымынан зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғау ассоциациясын құру ойында бар екендігін тілге тиек етті. Есентаева күйеуі Бақытбек Есентаевтың казиноға құмарлығын да мойындады.
Жіберіп алмаңыз:
Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты
Баян Есентаева: Өзіме келдім, жақында қайта қауышамыз (видео)
Баян Есентаева Қазақстан үшін ұялып жүр (видео)
Алматыға оралған Баян Есентаева қала шенеуніктерін сынады (видео)