Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі – үлкен, санасы – баланікі

Бағлан Әбдірайымов өзін түрлі әзілдерімен мазалаған досына қатысты пікір білдірді. Осы орайда, Жасұлан Базарбаевты жас балаға теңеп, қалжыңдасқанды ұната бермейтінін сөз етті.

18380204_239723079843334_7570460521598550016_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz.

Біраз уақыттан бері желі арқылы Бағлан Әбдірайымов пен Жасұлан Базарбаев ренжісіп жүр. Достар арасындағы түсініспеушілік бір суреттен басталған екен. Аталған суретке Бағлан Әбдірайымов «Дәу, досым, сасқан кезде өлең шығар. Сүйкімді еткен сені денең шығар. Мен барсам, өз-өзіммен жүре аламын. Ал саған 20 қазақ керек шығар?» деп пікір жазған. Артынша Жасұлан Базарбаев «Сөз құрау қиын емес білсең ерге. Мені апарсын, апарса шетеліңе. Мені көріп қазақтар ірі екен деп. Сені көріп «көтерем» демейді ме?!» деп жауап қайтарған.

«Өзі бастады. Бірде Бахтияр Артаевпен танысқан екен. Маған «екі құрдастан сәлем. Үшінші «дұрыс емес» құрдас сен қайда жүрсің?» деп сурет жіберді. Барлығы осыдан басталды. Көрген жерде қалжың айтып, тиісті. Адамдармен қалжыңдасқанда онша ұната бермеймін. Сыртынан күліп, кекетіп, мұқатқан емеспін. Құрдас болып, өзі қайта-қайта әзілмен тиісе берген соң, үндемей қала алмадым. Әзілмен болса да, жауап беруіме тура келді. Өзі үлкен болғанымен, сана-сезімі жас бала. Кейде қалжыңы артықтау болып жатады. Киноға дубляж жасағаны ыңғайыссыздау болды. Сосын Жасұланға «Жарайды, сен-ақ ақымақ бол. Мен ақылды болайын» деп айттым», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Жасұлан Базарбаев мырза досымен тікелей эфирде әзілдесуді жөн көрді. «Мысалы, мен Бағлан Әбдірайымовты мүлдем көрмеймін тойларда. Оны шақырмайтын шығар. Мұны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, Бағланды мен де жақтыра бермеймін. Кейде кездестірмегеніңе қуанатын адамдар бар», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Талқылау