Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мықты әрі бағасы қолжетімді құрылғы: Неліктен бұл iPhone сатып алуға тұрарлық

Apple компаниясы іРhone SE-дің орнын басатын iPhone 16e флагмандық сипаттамалары бар, жаңа кластағы өнімін ұсынды. Оның керемет экраны, жоғары өнімділігі, мықты процессоры мен жаңа C1 модемдегі чипі бар. Бәрін толығырақ айтып берейік.

Сыртқы көрінісі 

Әдемі әрі стильді iPhone 16e-ні өзге iPhone 16 смартфондарынан еш ажырата алмайсыз. Мұнда бәрі әдеттегідей жоғары деңгейде: бұрыштары доғал, заманауи дизайны, алдыңғы панеліндегі толық экраны мен Face ID арқылы құлпын ашу жүйелері бар.

Аэроғарыштық кластағы берік алюминийден жасалған корпусы құрылғы жерге түсіп кетсе де сынып қалудан қорғайды. Ал IPhone 16e-нің бет жағы керамикалық қалқанмен қорғалған. Ол басқа смартфондардың әйнегіне қарағанда мықтырақ. 

iPhone 16e iP68 рейтингіне ие. Бұл оның су мен шаңнан қорғайтын функциясы бар екенін көрсетеді. Соның ішінде су астында алты метр тереңдікте 30 минутқа дейін шыдайды. Сондықтан құрылғы өмірдегі кез келген жағдайға дайын. 

Өнімділік

iPhone 16e-де iPhone-ның басқа моделдерінде жоқ бірегей C1 ұялы модемі орнатылған. Ол A18 чипімен бірге iPhone 16e-ге керемет өнімділік, сенімді байланыс пен рекордтық ұзақ жұмыс уақытын береді. 

Бізге бұрыннан таныс A18 чипі қоңыраулар, поштаны тексеру, әлеуметтік желілер сияқты күнделікті тапсырмалардан басқа, 4K бейнелерді өңдеу мен AAA класындағы ойындар үшін де жеткілікті қуатқа ие. Ал ойнау режимі ойынға ресурстарды көбірек бағыттау үшін автоматты түрде қосылады.

iPhone 16e батареясы өте ұзақ мерзімде қызмет етеді. Мәселен, iPhone 11-мен салыстырғанда күні бойы және 6 сағатқа артық және iPhone SE-ге қарағанда күні бойы және 12 сағаттан аса жұмыс істейді.

Apple iPhone 16e батареясының жұмыс уақытын күні бойы видео қарасаң да 26 сағатқа дейін шыдайды деп бағалап отыр. Мысал ретінде бұл "Қара айна" фильмінің жаңа маусымын көруге жеткілікті.

Камера

Жаңартылған құрылғыда 48 мегапиксельді бір Fusion камерасы болса да, екі камералы телефонның мүмкіндігі орнатылған.

48 мегапиксельді датчик жарық пен әр детальді үйлестіре түсіріп, ультра жоғары айқындықтағы керемет суреттерді ұсынады.

Кірістірілген 2 еселенген телеобьектив қашықтықты оптикалық сапамен үлкейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз Dolby Vision-да таңғаларлық 4K видеоларды жоғары сапалы дыбыспен түсіре аласыз.

Ал 12 мегапиксельді селфи камерасы жарық аз, кешкі уақытта да суретті сапалы етіп түсіруге мүмкіндік береді.

Дисплей

IPhone 16-дағыдай жоғары контраст коэффициентіндегі, экранның шетіне дейін орналасқан 6,1 дюймдік OLED дисплейі iPhone 16e-де де бар. Ол видеоларды көруге, ойнауға немесе оқуға өте ыңғайлы. Ал Super Retina XDR-ді Apple брендінің ең жақсы iPhone экран технологиясы деп айта аламыз.

Әр түрлі жарық жағдайында да iPhone 16e экраны қапыда қалдырмайды. Фотосуреттер мен видеолардан бастап ойындарға, қосымшалар мен сайттарға дейін барлығы осы дисплейде керемет көрінеді. Қанық түстер мен анық бөлшектермен ерекшеленеді.

Әрекет ету батырмасы

iPhone 16e-де соңғы бірнеше жылда қолданылып келе жатқан, iPhone-ның ең жақсы мүмкіндіктерінің бірі әрекет ету батырмасы бар. Бұл батырмамен құрылғыны дыбыссыз режимге ауыстыруға болады. Одан басқа, баптау арқылы батырманы өзіңізге қажетті функцияларды орындауға қалағаныңызша түзетсеңіз болады. Батырма камераны ашып, скриншот жасап, сүйікті қосымшаны іске қосып, тағы да басқа функцияларды атқара алады.
Қорыта келе

iPhone 16e-де iPhone 16-ның көптеген негізгі мүмкіндіктері біріктірілген. Атап айтқанда, A18 жоғары өнімділігі, керемет камерасы, айқын дисплейі мен талғамға сай корпустағы әрекет ету батырмасы бар. Оған қоса, жаңа iPhone құрылғысы қолжетімді бағада. Құны өнімдердің әдеттегі бағасының жартысына тең. Олай болса екеуін алсаңыз болады.

iPhone 16e күнделікті өмірде барлық шаруасына жарайтын смартфон іздеп жүргендер мен Android-тан iOS-қа ауысқысы келетіндерге өте ыңғайлы құрылғы.

iPhone 16e-ні қазірдің өзінде Қазақстанға алдын ала тапсырыспен алдыруға болады. Алдын ала тапсырыс беру ресми сатушылар: iSpace, Sulpak, Technodom, Mechta, activ, Evrika-да қолжетімді.

iPhone 16e-ні трейд-ин арқылы 24 айға 14 333 теңгеге бөліп төлеу арқылы ала аласыз. Бонусқа 40%-ға дейін жеңілдікпен осы модельдің түпнұсқа қабы беріледі.

Ең тиімді шарттармен сату 11 сәуірде сағат 00.01-де ашылады және 13 сәуірге дейін жалғасады.

* IPhone 16e, 128GB-тың ай сайынғы төлем мөлшері былай есептелген. Егер құны 96 000 теңгеге бағаланған iPhone 11, 128 ГБт-ты (зақымдалмаған және ақаусыз) айырбастаса, соманың қалған бөлігі 343 990 теңге болады. 

жарнама құқығында

Талқылау