"Орнына элиталық тұрғын үй салынбақ": Бағанашылдағы балалар үйінің түлектері нысанның Қонаевқа көшірілуіне қарсы шықты (видео)
Алматыда "Бағанашыл" шағынауданында орналасқан №1 Алматы облыстық балалар үйі жазда Қонаевқа көшіріледі. Бұл ақпаратты балалар үйінің директоры Роза Бекішова растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Власть” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: 2Gis
Мекеме биыл жазда көшіріледі деген болжам бар.
“Бізге Қонаевта жақсы, заманауи балалар үйін салып жатыр. Облыс бұл жерді Алматы қаласына беріпті. Оны ешкім сатқан да жоқ, сатып алған да жоқ. Жай қана қалаға берілді. Балалар үйінің қазіргі ғимараты 1963 жылы салынған, ескі. Балалардың сабағы аяқтала салысымен Қонаевқа көшіріледі”, – дейді Роза Бекішова.
Ақпан айының басында балалар үйі "қолданыстағы нысандардың аумағын абаттандыру және эстетикалық келбетке келтіру, жасыл желектердің сапасы мен түр құрамын жақсарту" үшін 50 ағашты отауға рұқсат алған. Әлеуметтік желі қолданушылары балалар үйінің орнына тұрғын үй салу жоспарланып отырғанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Ағаштарды да сол себепті отап жатқанын видеоға түсіріп, жариялады.
Куәгерлер мен балалар үйінің бұрынғы түлектерінің айтуынша, ағаштарды отап, балалар алаңын бұзып, жерді құрылыс салуға дайындап жатыр. Белсенділер нысан орналасқан жер Әлия Назарбаеваға қатысы бар адамдарға берілгенін айтады.
“Мен осында өстім, әлі күнге дейін балаларға келіп тұрамын. Жақында КамАз-да келіп, балалар алаңын бұзып, ағаштарды бұтады. Балаларды жаңа ғимаратқа Қонаевқа көшірмек екен. Бірақ нысанның орнына элиталық тұрғын үй салғалы жатыр. Балалар аң-таң. Ешкім оларды шығарып жібереді деп ойламады”, – дейді балалар үйінің түлегі Бибігүл Мамай.
Былтыр "Огни Алатау" басылымы Қонаевтағы балалар үйінің құрылысы 2025 жылы мамыр айының аяғында аяқталатынын жазған еді. Ғимаратты Damu Development Group салып жатыр.
“Қазіргі ғимарат 1963 жылы салынған, заманауи талапқа сай емес. Сондай-ақ күрделі жөндеу жасау үшін мемлекеттен қомақты қаржы бөлу керек. Инвестордың дер кезінде жасаған ұсынысы орынды болды. Облысқа ескі ғимараттың орнына екі әлеуметтік маңызы бар, заманауи нысан беріледі”, – делінген хабарламада.
Damu Development Group консорциумының тең құрылтайшысы — VIII шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты Абзал Сағымбаев.
Бұған дейін қазақстандық параспортшы әкімдік берген үйде тұра алмай жатқанын айтып, халықтан көмек сұраған еді.
@ihilive1 🏠 Скандал в Алматы: Детский дом сносят ради элитного жилья? В Алматы разгорается скандал вокруг выселения воспитанников детского дома в микрорайоне Бағанашыл. Очевидцы и бывшие выпускники утверждают, что на территории активно вырубают деревья, сносят детские площадки и готовят землю под застройку. ‼️ По словам активистов, земли детского дома были переданы людям, связанным с Алией Назарбаевой, дочерью первого президента Казахстана. 👤 Бибигуль Мамай, бывшая воспитанница детского дома: "Я выросла здесь и до сих пор навещаю детей. Недавно приехали КамАЗы, начали сносить площадки, спиливать деревья. Детей отправляют в Қонаев (Капшагай), где якобы строится новый детский дом. Но на их месте хотят построить элитные жилые комплексы. Дети в шоке – никто не ожидал, что их просто выселят." 📢 Ситуация вызвала волну возмущения среди общественности. Активисты требуют прозрачности и справедливости в этом вопросе. #Алматы #ДетскийДом #Выселение #АлияНазарбаева #Скандал #БизнесНаДетях #казахстан ♬ оригинальный звук - I-Hi Live