Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшірілмейтін болды. Мұны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде пайда болған шудан кейін Динара Зәкиева №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесіпті.
"Бағанашыл балалар үйінде тұратын балалар сонда қалады. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының балалары үшін жаңа ғимарат беріледі. Алдында ол жерде өмір сүру қиын, балаларға жағдай жасалмағанын жазған едім. Жаңа ғимараттың бір бөлігі орталық ғылым академиясы болады, онда облыстың барлық аудандарынан балалар қабылданады", – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Еске салсақ, бұған дейін Бағанашылдағы балалар үйінің түлектері нысанның Қонаевқа көшірілуіне қарсы шыққан еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен