"Баға қымбаттамау үшін": Қазақстан үкіметі тұрақтандыру қорындағы көкөністерді сатылымға шығарды
Қазақстан үкіметі тауар бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорындағы көкөністерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сауда және интеграция министрі барлық өңірдегі әкімдерге көкөніс қорын дереу брондауды тапсырды.
“Тура сол қорларда, пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат бар ма, жоқ па? Егер осы күнге дейін өндірілген көкөністің көлемі статистика бойынша 56 миллион тонна десе. Ал дәл нақты айтатын болса, одан он есе төмен болса, 500-600 мың тонна. Ол туралы өтірік айтып келе жатса, қорда сондай өнімдер бар деп айтпайды деп, кім кепіл бере алады?” – дейді сарапшы Төлеутау Рахымбеков.
"Шығарылсын", "сатылсын" деген тапсырманы сарапшылар да қолдап отыр. Тек оларда жеме-жемге келгенде тағы бюджеттен қосымша ақша алынып, шетелден тасимыз деген қауіп басым. Бірақ Үкіметтің есебі түгел. Алдымен қордан пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат шығарылып, тауарлық интервенция өткізбек. Шашауын шығармай бақылау касса аппаратымен саналсын деген де тапсырма бар. Енді әр аймақ өзіне керек көкөністің маусымаралық қажеттін есептеп, қордан брондауды бастамақ. Жетпегенін оңтүстіктен алуға қамданып та қойыпты.
“Оңтүстік елдермен келіссөз жүргізілуде. 70 мың тонна пияз жеткізу туралы келісімшартқа қол жеткізілді. Бұл атқарылып жатқан жұмыс бағаны тұрақтандыруға және қалыпты мерзімде сақталануына көмек береді”, –дейді ҚР Сауда комитетінің басқарма басшысы Олжас Әділбеков.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
