AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баға келісімі болуы мүмкін: Мәжілісмендер дизель отынының қымбаттауына шенеуніктерді кінәлады

Парламент өкілдері дизель отынына қатысты баға келісімі болуы мүмкін дейді. Депутаттар биліктен тексеріс ұйымдастыруды талап етіп, бірінші кезекте жанармай құю бекеттеріндегі бағаның өсуі қаншалықты заңды екені қызықтыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасының жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап. 

дизель

“Баға өзгерісінің нарықтағы жағдаймен және монополистердің заңсыз әрекетімен қаншалықты байланысты екенін анықтау қажет. Тексеріс нәтижесі бойынша ретке келтіріп, кінәлілерді жауапқа тарту қажет. Сонымен қатар бағаны тұрақтандыруымыз керек”, – дейді мәжіліс депутаты Серік Ерубаев. 

Парламент депутаттары бағаны бұрынғы деңгейге келтіруге тырысқанымен, дизель отынының бағасы әлі көтерілуде. Бір литрдің бағасы 300 теңгеге дейін жеткен. Парламентте "Ақ жол" партиясының өкілдерін Халық партиясы да қолдаған. Депутаттар елде мұндай жағдайдың жыл сайын орын алатынын және шенеуніктердің жауабы да бір екеніне ашуланды. 

Айқын Қоңыров мемлекеттік органдарды сынға алды. Ресейден қымбат бағаға сатып алынған жанармайды негізге алып, мұнай саласын шығына ұшыратты деп мәлімдеді. Депутаттар наразылықтарын білдіріп, жүргізіліп отырған саясатты қайта қарау керектігін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін елде газ бағасы өскенін мәлімдеген едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр