Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өндірушілермен күнбағыс майының бағасы туралы келісілді: Қазақстандықтар үшін ол қанша тұрады?

Қазақстанда күнбағыс майы шикізатына экспорттық кедендік баж және майдың өзіне тарифтік квота енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

күнбағыс майы

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкімет аясында күнбағыс майына салық салу туралы түсіндірді.

"Кеше күнбағыс шығару мәселесі қарастырылды. Оған экспорттық кедендік баж салығын енгізуді ұйғарылды, өйткені шамадан тыс экспортталған. Қаңтар айынан бастап тарифтік квота енгіземіз. Күнбағыс майын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы министрлігімен меморандумға қол қойылады. Меморандум бойынша баға литріне 750 теңгеден аспауы тиіс", – деді министр.

Қазан айында өндірушілер ауылшаруашылық техникасы, отын және агрохимикаттар бағасының өсуіне байланысты күнбағыс тұқымдары қымбаттағанын атап өтті. Сонымен қатар, ресейлік тұқымдардың тоннасы 185 мың теңге, ал қазақстандық өнім 210 мың теңге екені атйтылды. Осыны ескере отырып, ведомствоаралық комиссия күнбағыс тұқымы мен майын жіберуге шектеулерді ұзартпау туралы шешім қабылдады.

2021 жылы Қазақстан 116,7 млн долларға 97 мың тонна күнбағыс майын экспорттады, бұл жалпы экспорттың 3% -на тең. Өткен жылы күнбағыс майын шығару 10,4%-ға, күнбағыс тұқымы 7,6%-ға өсті.

Экспорттық күнбағыс майының 60% -ы Өзбекстанға жеткізіледі. 

Талқылау