Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктері Қонаевтың маңында алып қант зауытын салады

Фото: Видеодан скрин

Әлемдік көшбасшы компания Al Khaleej Sugar Алматы облысында зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қонаев маңына салынатын болашақ алып қант зауытының құрылыс алаңы, қант қызылшасын егетін аумақтар, сумен қамту мәселелері талқыланды.

облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен шейх Джамаль Аль Гурайр талқылады.

“Алматы облысы — аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Бізге жаңа технологиялар мен сенімді серіктестер қажет”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Болашақ зауыт Қонаев қаласына жақын жерде салынады. Қазіргі кезде жер, су және инфрақұрылым мәселелері қарастырылып жатыр. Инвесторлар егістіктерді суару үшін жаңа су көздерін іздеуде және зауытты жел энергиясымен қамту мүмкіндігін зерттеп жатыр.

“Біз үшін егістік алқаптарының сумен сенімді қамтамасыз етілуі өте маңызды. Жоба мұқият дайындықты қажет етеді. Біздің мақсатымыз — толықтай автономды кәсіпорын құру. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға көмектеседі”, – деп атап өтті шейх Аль Гурайр.

Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты, әлемдік нарықтың 3%-ын қамтиды. Тараптар гидрология саласындағы кәсіби консультанттарды тартып, гидрологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды.

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 11:39
Талқылау