Бүркіттің баласының тұсауын кескен Жүнісова бүлдіршінге бір уыс ақша сыйлады (видео)
Әнші Мақпал Жүнісованы қасында жүрген жандар мен әріптестері үнемі «қолы ашық, жомарт» деп жатады,-деп жазды Stan.kz.
Әнші Бүркіттің өзі бірінші баласына Мақпал апасы доллармен көрімдік бергенін айтқан еді. Бүгін Айша мен Бүркіт екінші ұлдары Омардың тұсауын Мақпал Жүнісоваға кестірді.
Әнші балақайдың тұсауын кесіп қана қоймай оған бір уыс ақша сыйға берді. Әрі өлеңдетіп, жатырқаған Омарды жұбатып та алды.
«Бүгін Макпал апкеміз келіп , Омар ұлымның тұсауын кесіп кетті! Үлкен азамат болып, еліне қызмет ететін жігіт болсын деп батасын берді. Айтпақшы, біз сыйлық жасайық деп тұрсақ, Макпал апкеміз керісінше, бізге ақша берді. Жомарт кісі ғой!. Міне, қазақтың арасы осы, бір-біріне сыйлық беріп жүреді! Алламыз осындай күндерден, салт-дәстүрлерімізден, бір-бірімізді сыйлаудан айырмасын»,-деп жазды әнші Бүркіттің өзі желідегі парақшасына.
Біздің үйде #омар #omar #berkutaisha #kazakhstan #almaty #беркутаиша #макпал #мукасан #мұқасан
Публикация от Berkut Aisha (@berkut.kazakhstan)
Оқи отырыңыз:
Роза Рымбаева: Мені де талай мемлекетке шақырған
Жеңіс Ысқақова Димаштың Қазақстанда қалуына қарсы шықты
Ақботаға үйленген Дәурен Айдарқұлов алғашқы некесінен туған ұлын көрсетті (видео)
Жүкті кезінде ішін жалаңаштаған Айнұр Ілиясова сынға қалды (фото)
Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында шешініп тастады (видео)