Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған бес баласы бар боксшыға қомақты қаржы табыс етілді
Бес баласы бар боксшы Әйгерім Сәттібаеваға Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған үшін қомақты қаржы табыс етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатындағы жетістігі үшін 5 миллион теңге сыйақы алды. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда филиппиндік Офелия Маньомен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетсе, жартылай финалда өзбекстандық Фарзона Фазиловадан ұтылып қалған еді. Осылайша, бес баласының барына қарамастан боксшы сарықұрлықтың ең үздік боксшыларының бірі атанды.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ол ұзақ үзілістен соң 2023 жылы боксқа оралған еді. Әйгерімнің жұбайы – бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев. Ерлі-зайыпты бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді

