Азия чемпионатында қазақ балуандары екі алтын медаль еншіледі
Фото: olympic.kz
9-10 шілде аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы төрт жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екі балуан алтыннан алқа тақты.
87 келі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанса, 82 келі салмақта Диас Сейітқалиев те Азия чемпионы атағын иеленді.
Бұдан бөлек, 77 келіде күрескен Омар Дүйсенбек екінші орынды иемденсе, 55 келіде сынға түскен Мұсан Ерасыл үшінші орыннан көрінді.
Талқылау

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

Алматылықтар Әл-Фараби даңғылының жабылуына байланысты көлік коллапсын күтуде: Әкімдік жөндеу жұмыстары неге жаз соңында басталғанын түсіндірді
Әл-Фараби даңғылы бойындағы газ құбыры 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әбден тозған