Азия чемпионаты: Үміт артқан екі боксшымыз жеңіліске ұшырады
Бүгін Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында бес боксшымыз шаршы алаңға шығып, екеуі жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы ширек финалдық кездесулері өтті. Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығып, үшеуі ғана жеңіске жетті. 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай тәжік Мехрон Шафиевтен басым түссе, 51 келідегі Сәкен Бибосынов өзбек Асылбек Жәліловтен ұтылып қалды. Ал 54 келідегі Махмұд Сабырхан Кумара Жанаятты нокаутпен жеңіп, жартылай финалға өтсе, үміт артқан тағы бір боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жергілікті боксшы Сомчай Вонгвусанға есе жіберді. Сондай-ақ 92 келі Сағындық Тоғамбай этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовтан басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін бес баласы бар қазақстандық боксшының Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.
Талқылау

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
Желіде күйеудің қайын жұртына сәлем салу дәстүрі талқыланып жатыр

"Телефонынан 152 хабарлама өшірілген": Атырауда белгісіз жағдайда көз жұмған оқушының анасы істің екінші рет жабылғанына наразы
Адвокат: "99-бап (қасақана кісі өлтіру) бойынша сотқа беруге қорқып отыр"