Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия біріншілігі: Қазақ боксшылары 22 алтын медаль жеңіп алды

Фото: instagram.com / boxingkazakhstan

2007–2008 жылы туған жас спортшылар арасында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалдық жекпе-жектерге шыққан 11 қазақстандықтың 10-ы чемпион атанды. Тек 86 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Қыстаубай қола медаль иеленді. 75 келіде Жасұлан Бердалы финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медаль иегерлері:

  • Нұрхан Құмарбеков (48 кг)

  • Досымжан Таңатар (51 кг)

  • Алдияр Бахадүр (54 кг)

  • Нығман Нығмет (57 кг)

  • Әділет Тортубек (60 кг)

  • Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг)

  • Сұлтан Тұрдалы (67 кг)

  • Игорь Соловьёв (80 кг)

  • Расул Асанханов (92 кг)

  • Бексұлтан Қайратұлы (+92 кг)

Айта кету керек, Шри-Ланкада өнер көрсеткен қазақстандық қыздар да керемет нәтиже көрсетті. Олар барлық 12 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, ешбір қарсыласына мүмкіндік қалдырмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 22 алтын медальмен аяқтап, жастар арасындағы құрлықтық додада көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 23 Мамыр, 2025 11:40
Талқылау